![Қазақстанда 2015 жылы Халал ипотекалық компаниясы ашылады – Ерлан Байдәулет](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43053.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Келер жылы халал-жоспарлы ипотекалық компанияны ашу көзделген. Пайызсыз несие дегеніміз не? Бізде тұрғындардың 70-80 пайызы «пайызсыз» несие ұғымын теріс қабылдайды, пайызсыздықты екі көзқараспен қабылдау қажет. Біріншісі – ислам қаржыландыруында қолданылатыны, яғни жеңілдік жасау», - деді ол.
Сондай-ақ, ол ислам қаржыландыруына байланысты мысал келтірді, Қарағанды облысындағы ауылдарды сумен қамту жобасы, пайызсыз, үстемесіз болып есептеледі. Бірақ Ислам даму банкі өз бағасын қояды, оның құны -0,01-ді құрайды.
«Бұл исламдық қаржыландыру түсінігі болып есептеледі. Кез келген экономикалық субъект нарықта жұмыс істейді, өз табысын табуға құқылы», - деді ол.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда 2015 жылы Халал ипотекалық компаниясы ашылады – Ерлан Байдәулет&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92737/)