![Мэрил Стрип «Бостандық медалін» иеленді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43264.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Голливуд актрисасы Мэрил Стрип АҚШ президентінің «Бостандық медалін» иеленді. Марапатты салтанатты табыстау рәсімі 24 қарашада Ақүйде өтеді, деп хабарлайды lenta.ru.
Айта кетейік, «Бостандық медалі» - АҚШ-тағы ең жоғары марапат. Ол Құрама штаттардың 33-ші президенті Гарри Трумэннің тапсырмасымен 1945 жылдан бастап табысталып келеді.
Ал, Мэрил Стрип бұған дейін үш рет «Оскар» жүлдесін иеленген. Сондай-ақ, «Алтын глобус», «BAFTA», «Күміс аю» жүлделерімен де марапатталған.
Толық аты-жөні: Мэри Луиз Стрип
Туған жылы: 1949 жыл, 22 маусым
Туған жері: АҚШ, Нью-Джерси
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мэрил Стрип «Бостандық медалін» иеленді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92948/)