![Елордада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 5 тұрғын үй кешені тапсырылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43278.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазіргі кезде Астанада «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде бағдарлама аясында жалпы ауданы 130 мың шаршы метрді құрайтын 2 671 пәтерлік сегіз тұрғын үй салынып жатыр. Бұл туралы Құрылыс басқармасы хабарлады.
Соның ішінде 1 574 пәтерлік бес тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланған.
Бұдан басқа, 2015-2016 жылдары пайдалануға берілетін 1135 пәтерлік 8 тұрғын үйдің құрылысы басталды.
Бағдарламаны іске асыру аясында Астанада жалпы ауданы 84,06 мың шаршы метрді құрайтын 1 581 пәтерлік жеті тұрғын үй тапсырылса, 2015 жылы жалпы ауданы 108,4 мың шаршы метрді құрайтын 1 937 пәтерлік 10 тұрғын үй салынды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жыл соңына дейін 5 тұрғын үй кешені тапсырылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/92962/)