![Павлодарлықтар мекенжай анықтамаларын ұялы телефон арқылы ала алады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43352.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Енді павлодарлықтар мекенжай анықтамаларын ұялы телефон арқылы алу мүмкіндігіне ие болады, деп жазады pavlodarnews.kz.
Мемлекеттік қызметті egov.kz мобильді қосымшасының көмегімен немесе смартфондар мен планшеттер, сондай-ақ, телефондар арқылы 414 нөміріне хабарлама жіберу жолымен алуға болады.
Өз құрылғыларына мобильді үкіметті тіркеген азаматтар ХҚКО-да анықтаманың дайын болғаны, балабақшадағы кезектің өзгергені туралы хабарлама және мобильді қолтаңбаның көмегімен мемлекеттік қызмет ала алады.
Айта кетейік, SMS хабарламалар ақылы болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодарлықтар мекенжай анықтамаларын ұялы телефон арқылы ала алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93036/)