![Секен Тұрысбектің концертін көріңіз](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43384.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әйгілі күйші-сазгер, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық ұлт-аспаптар оркестрінің жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Секен Тұрысбектің «Көңіл толқыны» күйін тыңдамаған жан кемде-кем.
Кез келген адам шығарманың алғашқы әуенін естіген бойда толқындай тербеліп, тұла бойының еріксіз ырғалып кететінін сезбей де қалады.
Секен Тұрысбек «Көңіл толқыны» кітабында былай деп жазады: «Күйдің өзегінде әкенің орны толмас өкініші мен өксігі жатыр. «Көңіл толқыны» - өзіне дейінгі ұлы күйші-сазгерлердің рухани жалғасы болғанымен, ішкі табиғаты мүлде бөлек, жүрек қылын дірілдете шертер күші бар, тыңдаушысын ой мен сезім тұңғиығына тартатын туынды».
Бүгін 18.00-де Ұлттық арнадан Секен Тұрысбектің шығармашылық концертін тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Секен Тұрысбектің концертін көріңіз&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93068/)