![Криштиану Роналду Еуропа чемпионаты тарихында үздік шабуылшы атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43396.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Португалияның Фару қаласында Euro-2016 іріктеу турнирінің Армения командасына қарсы өткен матчында Криштиану Роналду ойынның 71-ші минутында өзінің Еуропа чемпионатындағы 23-ші голын соқты. Бұл оның ел құрамасындағы 52-ші голы еді. Португалия-Армения матчы 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, жалпы карьерасында футболшы 450 гол соққан.
Бес голды ол «Спортинг» (Лиссабон) үшін, 118 голын - «Манчестер Юнайитед» үшін, ал 275 голын «Реал» клубы үшін және 52-сін ұлттық команда үшін соққан.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Криштиану Роналду Еуропа чемпионаты тарихында үздік шабуылшы атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93080/)