![Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман болады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43404.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанның басым бөлігінде жексенбі күні тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында күн райы ашық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болуы, күндіз желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.
Павлодар облысында кей жерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде тұман түседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде тұман болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93088/)