«Достар» телехикаясының жаңа маусымы шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Достар» телехикаясының жаңа маусымы шығады

19.11.2014
«Достар» телехикаясының жаңа маусымы шығады

Таяуда «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының көрермендері қызықтың оқиғаларға толы «Достар» телехикаясының жаңа шығарылымымен қауышады. Комедия жанрындағы жастарға арналған телехикая 32 бөлімнен тұрады.

Телетоптаманың түсірілім жұмыстары осыдан үш ай бұрын басталған.  Кино желісінде студенттер өмірі, олардың басындағы түрлі мәселелер,  қиыншылықтар мен қызықты оқиғалар суреттеледі.

«Бұл телехикаяда төрт құрбы қыз еліміздің жастарына арналған журнал шығарады. Журнал бетінде жарық көретін әрбір мақала әр бөлімде көрсетіліп, талқыланатын болады. Қыздар қазіргі жастардың басындағы мәселені көтеріп, өздерінше ой қозғап, қоғамға қозғау салады»,-дейді туындының режиссері Рашид Сүлеймен.

Телехикаядағы басты кейіпкер Гүлназ Жоламан түсірілім барысында түрлі жағдайдың болатынын айтады. «Менде бір сахна болды. Мен телехикаяда ауылдан келген қыз болғандықтан, қыздар маған биік өкшелі туфлимен жүруді үйретеді.  Жүре алмай, бірнеше рет құлағаным бар. Осындай қызықты жағдайлар болып жатыр»,-дейді ол.

Телехикаяның басқа да қызықтарын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу