![Әскери-патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары 26 қарашада жарияланады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43512.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
26 қарашада республикалық әскери-патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары жарияланады.
«Әскери әндер» радиофестивалі - «Қазақстан» РТРК АҚ Қазақ радиосы мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бірлескен жобасы.
Радиофестивальге барлығы 200-ден астам ән келіп түсті. Гала-концертке 16 ән жолдама алды.
Көркемдік кеңестің іріктеуінен өткен әндер Қазақ радиосы мен «Шалқар» ұлттық радиосы эфирлерінен берілуде.
Байқау қорытындысына арналған кеш 26 қарашада «Конгресс-Холл» сарайында өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әскери-патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары 26 қарашада жарияланады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93196/)