![Жексенбі күні күн суытады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43582.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
23 қарашада Астанада қатты жел мен көктайғақтың болуына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен хабарлады. Жексенбіде қар жауып, бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екіпіні 25 м/с жетеді.
Ал, 24 қарашада елордада түнде ауа температурасы 25-30 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 33 градус аяз болады. ҚР Білім министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қаласында мектеп оқушылары мен студенттер үшін сабақтың өткізілмейтіні туралы ақпарат сол күні жарияланады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жексенбі күні күн суытады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93266/)