![Еуразия Барысы-2014. Қазақстан палуандары Қытай құрамасын 5:0 есебімен жеңді (ВИДЕО)](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43608.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Тараз қаласында өтіп жатқан қазақ күресінен «Еуразия Барысы» ІІ халықаралық турнирде алғашқы болып Қазақстан мен Қытай палуандары күресті. Белдесулер қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жеңіске жетті. Есеп – 5:0.
60 келі нәтижесі: Абзал Арыстанбеков Ериденг Баолиганы ұтты.
70 келі нәтижесі: Кайрат Ағыбаев Ердун Батуды жеңді.
80 келі нәтижесі: Дәулетхан Жақыпов Ерденг Чаогетуді ұтты.
90 келі нәтижесі: Мұхит Тұрсынов Фан Дзяньді 49 секундта жеңді.
+90 келі нәтижесі: Айбек Нұғымаров Едиирді ұттып, Қазақстан құрамасына бесінші ұпай әкелді.
Айта кетейік, «Еуразия Барысы» ІІ халықаралық турнирін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуразия Барысы-2014. Қазақстан палуандары Қытай құрамасын 5:0 есебімен жеңді (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93292/)