![Дәурен Елеусіновтің кәсіби рингтегі алғашқы кездесуі Нью-Йоркте өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43644.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР-ның бокстан спорт шебері, 2005 жылғы Қазақстан чемпионы Дәурен Елеусінов 3 желтоқсанда Нью-Йоркте кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы оның туған інісі - Данияр Елеусінов өзінің Instagram парақшасында жазды.
«3 желтоқсанда үлкен ағам Нью-Йоркте кәсіби рингке алғаш рет шығады. Қазақстандықтар, жерлестеріңізді қолдаңыздар!», - дейді Данияр.
Дәурен Елеусінов жастар арасында көптеген республикалық турнирлердің жеңімпазы, жүлдегері, 2005 жылғы Қазақстан чемпионы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дәурен Елеусіновтің кәсіби рингтегі алғашқы кездесуі Нью-Йоркте өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93328/)