![Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел соғады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43651.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
23 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ, тұман болады, жел күшейеді. Солтүстік өңірде бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола облысында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін барады, кей аймақтарда боран болып, желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады, кей жерлерде 23-25 м/с-қа дейін барады, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстанда жел 15-20 м/с екпінмен соғады, бұрқасын болады.
Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында да желдің күші 15-20 м/с-қа барады, тұман түсіп көктайғақ болады. Ақтөбе, Атырау облыстарында көктайғақ болып, 15-20 м/с екпінмен жел соғады.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады, тұман, көктайғақ болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел соғады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93335/)