![Шахматтан норвегиялық Магнус Карлсен Әлем чемпионы атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43666.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Норвегиялық гроссмейстер Магнус Карлсен шахматтан Әлем чемпионы атағын қайта жеңіп алды. Карлсен үндістандық Вишванатан Анандпен өткен матчта жоспарланған 12 партияның 11-ін ұтып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Қорытынды есеп - 6,5:4,5. Бәсеке Сочидегі Олимпиада саябағының басты медиа орталығында өтті.
Өткен жылы да Карлсен Әлем чемпионы титулы үшін Анандпен ойнап, одан 6,5: 3,5 есебімен басым түскен болатын.
Сурет: others.sport-express.ru
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шахматтан норвегиялық Магнус Карлсен Әлем чемпионы атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93350/)