![Астана халқының саны 30 мыңға көбейді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43683.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2014 жылдың басымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халық саны 30 495 адамға өсті, деп хабарлайды қалалық Статистика департаментінің баспасөз қызметі.
Қаладағы халық саны ағымдағы есеп бойынша 2014 жылғы 1 қазанда 844 930 адамды, оның ішінде Алматы ауданы бойынша – 377 889 (44,7 пайыз), Есіл ауданы бойынша – 124 033 (14,7 пайыз), Сарыарқа ауданы бойынша – 343 008 (40,6 пайыз) адамды құрады.
Көші-қон өсімінің көрсеткіші - 15 058. Ал, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 12,5 пайызға көтеріліп, 15 437 адамды құраған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астана халқының саны 30 мыңға көбейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93367/)