![Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасымен кездесті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43735.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Ермегияевпен кездесті.
Қала әкімі мен ұлттық компания басшысы ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесін ұйымдастыру және өткізу бойынша өзара әрекеттестік мәселелерін талқылады.
Ә.Жақсыбеков сөзінде Мемлекет басшысы тапсырған міндеттерді тығыз қарым-қатынаста орындау қажеттігін атап өтті.
«Біздің әрекеттеріміз инженерлік желілерді, жолдар мен нысандарды салуда, бір сөзбен айтқанда, көрме қалашығына қатысты барлық мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеуге бағытталуы тиіс», - деді әкім.
Кездесу қорытындысы бойынша Жол картасы қабылданды.
Құжатта көрме қонақтарының қауіпсіздігі мен оларға жайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені көрсетілген, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әділбек Жақсыбеков «Астана ЭКСПО-2017» ҰК басқарма төрағасымен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93419/)