![Қазақстандық солист Салтанат Ахметова «Үлкен опера» жобасының финалына шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43764.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Музыкалық марафон 4 қазанда бастау алған.
Жобаға қатысушылар – Қазақстан, Алмания, Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Өзбекстан және Армения вокалистері.
Қазылар алқасы – КСРО Халық әртісі, опера сахнасының әлемдік жұлдызы Елена Образцова, РСФКР Халық әртісі, сопрано Галина Калинина, мәскеулік «Геликон-Опера» музыкалық театрының көркемдік жетекшісі, Ресейдің Халық әртісі Дмитрий Бертман, сондай-ақ, веналық операның интенданты Иоан Холендер.
Салтанат Ахметованың айтуынша, бұл - оның кәсіптік тұрғыдан шыңдалуына үлкен серпін берген алғашқы тележоба.
Жобаның шешуші шығарылымы 29 қарашада П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының Үлкен залында тікелей эфирде өтеді.
Салтанат Ахметованың реттік нөмірі – 7375. 7375 нөміріне «1» санын жазып, SMS жолдау арқылы дауыс бере аласыздар.
Дауыс беру 29 қарашаға дейін жалғасады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық солист Салтанат Ахметова «Үлкен опера» жобасының финалына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93448/)