![«Миньондар» мультфильмі 2015 жылы жарыққа шығады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43817.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Жексұрын мен» («Despicable Me») анимациялық фильмінің приквелі (приквел – жарық көрген туындыдағы оқиғадан бұрынғы іс-әрекетті баяндайтын кинофильм немесе кітап) «Миньондар» картинасы 2015 жылы экранға шығады. Мультфильм миньондардың қалай пайда болғаны туралы.
Миньондар – бір клеткалы организмдерден пайда болған сары түсті тіршілік иелері. Олар әлемдегі зұлымдардың көмекшілері. Картинада Кивин мен оның екі досының басынан өткен оқиғалары баяндалады.
Режиссері - Пьер Коффин, Кайл Балда. Сценарий авторы - Брайан Лич. Рөлдерді дыбыстағандар – Сандра Баллок, Джон Хэмм.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Миньондар» мультфильмі 2015 жылы жарыққа шығады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93501/)