![«Қазақстан» РТРК» АҚ Батыс-Қазақстандық филиалы 50 жылдығын атап өтуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43822.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгінде «Қазақстан» РТРК» АҚ орталықтандырылған мемлекеттік ақпараттық саясатты өткізуге мүмкіндік беретін, аймақтарда филиалдардың тармақты жүйесі бар ең ірі электрондық медиялық құрылым. Аймақтарда 14 филиал қызмет етеді. Олардың он үші – облыстық филиалдар, біреуі қалалық (Семей қ.).
28 қараша күні Орал қаласында «Қазақстан» РТРК Батыс Қазақстан облыстық филиалының 50 жылдығына арналған бірқатар іс-шара өткізіледі. Нақты айтқанда, «Ақжайықтың айнасы» кітабының, облыстық филиал мұражайының, Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жаяу әскер» қысқаметражды фильмнің тұсаукесерін, фото және кітап көрмелерін өткізу жоспарланып отыр. Мерейтойлық іс-шаралар үлкен мерекелік концертпен аяқталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Қазақстан» РТРК» АҚ Батыс-Қазақстандық филиалы 50 жылдығын атап өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93506/)