![Ұлттық арнада - «Балалық шағымның аспаны» фильмі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43843.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Балалық шағымның аспаны» туындысы Елбасының балалық кезіне арналған. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы, ата-анасына, сол кездегі елдің жағдайына ерекше мән берілген. Фильмде сол кезеңнің портреті қамтылған.
Туындыдағы басты рөлдерді Ержан Жарылқасынұлы, Нұржұман Ықтымбаев, Алмагүл Әлішева, Елжас Әлпиев, Әбілмансұр Серіков, Нұрлан Әлімжанов, сондай-ақ, Бибігүл Төлегенова сомдайды.
Тұтас бір буынның тағдыры туралы туындыны бүгін Ұлттық арнадан 18.05-те тамашалай аласыздар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық арнада - «Балалық шағымның аспаны» фильмі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93527/)