![Тұңғыш Президент күнінде Астанада 60 сәби дүниеге келді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43908.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінде Астанада 60 сәби дүниеге келді. Олардың 27-і - ұл, 33-і – қыз бала. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлайды.
Перзентхана қызметкерлері аналар құттықтап, сыйлықтар табыс етті. Аналарға сәбиді күтуге арналған заттар берілді.
Еске сала кетейік, 2013 жылы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күнінде Астанада 50 сәби дүниеге келген болатын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тұңғыш Президент күнінде Астанада 60 сәби дүниеге келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93592/)