![Астанада STREET WORKOUT қозғалысының чемпионаты өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43909.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
1 желтоқсанда Астанада Тұңғыш Президент күніне орай STREET WORKOUT қозғалысының чемпионаты өтті. Жарысқа 70-тен астам мемлекеттің үздік атлеттері қатысты. Спорттық шара «Сарыарқа» спорт кешенінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.
Жарыс қорытындысы бойынша, қазақстандық Диас Биджиев топ жарып, 1-ші орынды иеленді. Ресейлік Валерий Кищенко мен украиналық Михаил Греков екінші және үшінші орындарды бөлісті.
Ал, қыздар бәсекесінде 13 жастағы украиналық Дарья Чепига турникке 42 рет тартылып, ең мықты спортшы атанды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада STREET WORKOUT қозғалысының чемпионаты өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93593/)