![Елордада «Астана-Мерей» байқауы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_43919.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақ Ұлттық өнер университетімен бірлесіп, Астанада Х «Астана-Мерей» халықаралық жас орындаушылар байқауын өткізеді. Дода 8-12 желтоқсан аралығында ұйымдастырылмақ. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, Қазақстанның жоғары музыкалық оқу орындарының грантына ие болады.
Мақсат - музыка өнері саласындағы дарынды балаларды анықтау, жас орындаушылардың орындаушылық шеберлігін арттыру және шығармашылық әлеуетін дамыту.
Айта кетейік, жас орындаушылар байқауына 10-16 жас аралығындағы оқушылар: «Ағаш үрлемелі аспаптары» және «Мыс үрлемелі және соқпалы аспаптары» аталымдары бойынша қатыса алады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордада «Астана-Мерей» байқауы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93603/)