![Брест қаласында Қазақ киносының апталығы ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44001.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шара барысында Қазақстан Елшісі Ерғали Бөлегенов Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығы мен Мемлекет басшысының Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына қосқан үлесі туралы баяндады.
Брест облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары А.Клец Н.Назарбаевтың ел егемендігіндегі аса маңызды рөлін атап, нарық қарым-қатынасының орнығуы, әлеуметтік тұрақтылықтың орнауы, халықаралық серіктестермен өзара тиімді әрі ыңғайлы қатынас орнатқанын атап өтті.
Апталық «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Отты өзен» бөлімімен басталды.
Сондай-ақ, көрермендерге ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған фотокөрме ұсынылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Брест қаласында Қазақ киносының апталығы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93685/)