![Бүгін еліміздің басым бөлігінде боран соғады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44010.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа ағынының өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, кейбір жерлерде жауын-шашын (көбіне қар), бұрқасынды желдің күшеюі, тұман, көктайғақ болмақ. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-нан хабарланды.
Қостанай облысында желдің күші 15-20 м/с дейін жетіп, бұрқасын болады.
Қарағанды облысында түнде кейбір жерлерде, күндіз көп бөлігінде желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, жел екпінінің 25 м/с дейін жетеді, кейбір жерлерде бұрқасын болуы мүмкін.
Павлодар облысының кейбір жерлерінде бұрқасын болып, күндіз желдің екпіні 17-22 м/с дейін жетеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде бұрқасын болып, 15-20 м/с дейін жел тұрады.
Ал Атырау облысының жер-жерлерінде бұрқасын болып, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы ықтимал. Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кейбір жерлерінде жел тұрып, тұман түседі. Алматы облысының кейбір жерлерінде түнде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қызылорда облысының жер-жерлерінде жел соқса, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Жақын тәуліктерде Қазақстанның көптеген су нысандарында мұз қату жалғасады. Сырдария өзенінде, республиканың оңтүстік-шығыс және шығысындағы жекелеген өзендерде сеңнің тоқтауы, су деңгейінің көтерілуі мүмкін.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін еліміздің басым бөлігінде боран соғады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93694/)