![«Балаларға арналған үздік бағдарлама» - «Балапан және оның достары»](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44019.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстан» РТРК» АҚ 2013/2014 телевизиялық маусымының жыл үздіктерін анықтады. «Балаларға арналған үздік бағдарлама» - «Балапан» телеарнасының «Балапан және оның достары» анимациялық бағдарламасы деп танылды. Бағдарламаны өндіруші «ЫРЫСЫ АҚ ҚАЗАҚСТАН» ЖШС директоры Ескендір Рысақов арнайы дипломмен марапатталды.
«Балапан және оның достары» анимациялық бағдарламасы - ең кішкентай көрермендерге арналған. Бағдарлама балалардың ана тілін үйренуіне, дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді.
Бағдарлама кейіпкерлері - балапан, құлыншақ, ботақан, қошақан, бұзауқан және ұлу жақсы дағдыларды, қарым-қатынас жасауды үйретеді. Сондай-ақ, айналамен таныстырады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Балаларға арналған үздік бағдарлама» - «Балапан және оның достары»&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93703/)