![Жұлдыз Маханова - «Үздік актриса»](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44032.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстан» РТРК» АҚ 2013/2014 телевизиялық маусымының жыл үздіктерін анықтады. «Жыл таңдауы-2014» байқауында «Үздік актриса» аталымын Жұлдыз Маханова жеңіп алды. Марапатты «ҚР Президенті телерадиокешені» АҚ Бас директоры Ерлан Бекхожин табыстады.
Жұлдыз Маханова - Ұлттық арнадан көрсетілген «Сырғалым» телехикаясында басты рөлді сомдаған.
Айта кетейік, «Жыл таңдауы-2014» байқауында «Үздік телехикая» «Сырғалым» телехикаясы деп танылды. Жақында телехикаяның жалғасы көрсетіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жұлдыз Маханова - «Үздік актриса»&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93716/)