![Қазақстан әншісі Кишиневте өткен байқауда І орын алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44109.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан әншісі Фархад Мәденов Кишиневте өткен Doua inimi gemene («Егіз жүрек») XII халықаралық конкурсында І орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Музыка байқауы ұлы композитор Ион Алдя-Теодорович пен оның зайыбы, белгілі әнші Дойна Алдя-Теодоровичті еске алуға арналды. Байқау талабы бойынша әр сайыскер Ион Алдя-Теодорович репертуарынан бір шығарма мен өзінің туған тілінде бір ән орындауы керек болды.
Қазақстандық орындаушы композитордың Lartă-mă («Кешір мен») әнін шырқауды ұйғарған. «Бұл әннің мағынасы - өмірде сүйікті әйеліңді анаңнан артық қойғаның үшін кешірім сұрау туралы. Маған бұл ән қатты ұнады, оны бар жан-тәніммен орындауға тырыстым. Молдова халқына менің орындауым қатты ұнады», - деді Мәденов.
Фархад Мәденов музыка фестивальдерінде тұңғыш рет лауреат болып отырған жоқ. Ол жуырда ғана «Қазақстанның алтын дауысы» атағын алған, сонымен бірге, Лас-Вегаста өткен «Хрусталь магнолия» атты жас орындаушылардың ХІХ халықаралық музыка конкурсында жеңімпаз атанды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан әншісі Кишиневте өткен байқауда І орын алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93793/)