![Еркеш Шәкеев биыл да «Песня года» фестивалінің лауреаты атанды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44110.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстандық композитор, ақын Еркеш Шәкеев биыл да Ресейдегі «Песня года» музыка фестивалінің лауреаты атанды. Композиторға лауреат дипломы А`Студио тобының орындауындағы «Душа» әнінің музыкасы мен өлеңі үшін берілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Айта кету керек, ол 1995 жылы «А`Студио» тобының орындауындағы «Нелюбимая» әні үшін жылсайынғы ресейлік телефестивальдің лауреаты болған еді. Ал, 2006 жылы Лайма Вайкуленің орындауындағы «Мартовский вечер» әні үшін «Песня года» жүлдегері болды.
Сондай-ақ, 2010 жылы «А`Студио»-ның орындауындағы «Fashion girl» әні Шәкеевті тағы да «Песня года» фестивалінің лауреаты етті. Ал, 2013 жылы оған лауреат дипломы Ани Лорак орындаған «Зажигай сердце» әні үшін берілді.
«Песня года» фестивалі – Мәскеуде тұңғыш рет 1971 жылы өткен Ресейдегі ең көне де беделді музыка фестивальдерінің бірі.
ФОТО: artparovoz.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еркеш Шәкеев биыл да «Песня года» фестивалінің лауреаты атанды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93794/)