![Астана мен Өскемен арасында жаңа жүрдек пойыз қатынайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44137.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында 2014 жылдың 14 желтоқсанынан бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған «Астана-Защита» (Өскемен) бағытындағы №68/67 жолаушылар пойызын жібереді.
Құрам аптасына үш рет қатынайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның ішінде 19 «Турист», 1 вагон ресторан, 1 вагон-бар және 2 техникалық вагон.
Құрам Ерментау, Екібастұз-1, Павлодар, Ақсу-2, Дегелең, Семей, Шар станцияларына аялдайды. Өскеменге дейінгі жол 16 сағат 50 минутты, қайтар жол 16 сағат 45 минутты құрайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астана мен Өскемен арасында жаңа жүрдек пойыз қатынайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93821/)