![Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44143.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанның бірқатар облысында ескерту жарияланды.
8 желтоқсанда Астанада, синоптиктердің болжамынша, түнде ауа температурасы -30 градусқа төмендейді. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында - 20-25 градус, кей жерлерде 30 градус суық болады.
8-9 желтоқсанда Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында ауа температурасы 30-35 градусқа төмендейді, деп хабарлайды aikyn.kz.
Қазақстанның басым аумағында күн құбылмалы болады. Еліміздің оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғуы мүмкін.
Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында жел 15-20 метр/секундқа дейін күшейіп, боран соғуы мүмкін.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей аумақтарында тұман, көктайғақ болып, түнде жел 18-23 метр/секундқа дейін күшейіп, боран болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы 15-20 метр/секундқа жетеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93827/)