![Астана әкімі қаладағы автобус аялдамаларын сынға алды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44161.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Астана әкімдігінде қала басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен кезекті аппарат отырысы өтті.
Жиында астаналықтарды бей-жай қалдырмайтын ең маңызды және өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды елорданың ресми сайты
«Құқық қорғау органдарының, соның ішінде көші-қон және жол полициясының жұмысына ескерту жасалды. Қаладағы жарнама кеңістігі, даңғылдардың және алаңдардың жарықтандырылуы да тиісті деңгейге сай емес. Тиісті қызметтер қаланың эстетикалық келбетімен әлі де жұмыс істеуі керек», - деді қала басшысы.
Ә. Жақсыбеков жергілікті климат жағдайларына бейімделмеген автобус аялдамаларын сынға алды. Олардың басым бөлігі эстетикалық және архитектуралық нормаларға сай емес.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астана әкімі қаладағы автобус аялдамаларын сынға алды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93845/)