![«Жырлаймын туған елімді» байқауының кезекті қатысушысы – Майлыбек Молдабеков](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44203.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстан» Ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы ұйымдастырып отырған «Жырлаймын туған елімді» жыр байқауына үміткерлер өлеңдерін жолдауда.
Бұған дейін еліміздің түкпір-түкпірінен өлеңді жанына серік еткен ақындар туған жер, ел турасындағы туындыларын жіберді.
Ал, бүгінгі үміткер Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Қушоқы кентінің тұрғыны – Майлыбек Молдабеков.
Отан
Отан бізге оттан да ыстық,
О, қазағым, оны да ойла,
Мекені бұл ұл мен қыздың
Міндеттіміз қорғауға!
Ұрпағымыз сәбилердің
Жылы ұясы туған жер,
Ұйымшыл бол, ұл-қыздарым
Болашағы – тек сендер.
Еске алайық, бабаларды,
Тайсалмаған, ерлеген.
Ұрпағының қамын ойлап,
Жерін жауға бермеген!
Көк Туымыз желбіресін
Биігінен көрейік,
Қазағым бұл – Мәңгілік ел
Өркендейік, өнейік!
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Жырлаймын туған елімді» байқауының кезекті қатысушысы – Майлыбек Молдабеков&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93887/)