![Астанада пандустармен жабдықталған жаңа автобустар қатынай бастады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44309.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әзірге оның 36-ы әуежай мен теміржол вокзалы бағытында қатынауды бастады.
Жаңа автобустар мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін арнайы пандустармен жабдықталған. Сондай-ақ, елорданың климаттық жағдайына бейімделген.
Жыл соңына дейін қала автопарктері тағы 21 жаңа автобуспен толықпақ.
Еске салайық, қараша айында шаһар басшысы Әділбек Жақсыбеков тұрғындар тарапынан келіп түскен шағымдардың көптігіне орай, жолаушылар ағыны жоғары бағыттарға жаңа автобустар шығаруды тапсырған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада пандустармен жабдықталған жаңа автобустар қатынай бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93993/)