![Алматыда «SatuFest» жеңілдіктер фестивалі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44314.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
16-17 желтоқсан күндері Алматының ірі сауда ойын-сауық орталықтары мен супермаркеттерінде дәстүрлі «SatuFest» жеңілдіктер фестивалі өтеді.
Шара ҚР Тәуелсіздігі күніне орай ұйымдастырылып отыр. Жеңілдіктер төмендегі сауда ойын-сауық орталықтарында болады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.
1. «Достық плаза» СОСО
2. «Март» СОСО
3. «Мега-Центр Алма-ата» СОСО
4. «Мега-Парк» СОСО
5. «Променад» СОСО
6. «Мерей» СО
7. «Арзан» жалпы сауда желісі
8. «Беккер и К» азық-түлік дүкендер желісі
9. «Магнум кэш энд керри» супермаркеттер желісі
10. «Рамстор Казахстан» ЖШС супермаркеттер желісі
11. «Бьютимания» парфюмерия дүкендер желісі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда «SatuFest» жеңілдіктер фестивалі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/93998/)