![«Телқоңырда» - Тайжанның шығармашылығы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44332.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Арқаның ақтаңгер ақыны, соңына өшпестей асыл мұра – ән-жырын қалдырған қазақтың сал-серілерінің бірі – Тайжан Қалмағамбетұлы.
Ол турасында әйгілі Кенен Әзірбаев: «Тайжан – ақындар арасындағы тамаша талант иесі. Өзіне сай домбырасы, гармоны мен қобызы да қоса сөйлейтін. Әні мен әуені ерекше еді. Ағып айтатын, төгіп сөйлейтін»,-деген екен.
Тайжан ақын жас кезінен өнерге ынтық болып өскен. Өз қатарлы 9-10 жастағы балаларды жинап алып, ойынан жеңіл-желпі шумақ құрастырып, өлеңмен қағытып отырған. Тіпті жалғыз өзі жапан түзде, тау-тасқа шығып алып, қой қайыратын таяғын домбыра қылып, айқайды салады екен.
Бүгін 13.30-да «Телқоңыр» бағдарламасы Тайжанның әндерінің тарихына тоқталмақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Телқоңырда» - Тайжанның шығармашылығы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94016/)