![Айман Мұсақожаеваға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44345.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі, мәдениетті дамытудағы айрықша үлесі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы «Қазақ ұлттық өнер университеті» ММ ректоры Мұсақожаева Айман Қожабекқызына берілді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Айман Мұсақожаеваға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94029/)