![Мемлекет басшысы сәулетші Норман Фостерге бейбітшілік және прогресс сыйлығын тағайындады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44346.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан Республикасының Президенті сәулетші Норман Фостерге «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5-шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Сәулет өнерін дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін сәулетші Норман Фостерге 2014 жылғы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген хабарламада.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы сәулетші Норман Фостерге бейбітшілік және прогресс сыйлығын тағайындады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94030/)