![Бүгін республиканың бірқатар өңірінде жел күшейеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44352.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
14 желтоқсан күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерде көктайғақ болып, жел күшейеді. Еліміздің батыс пен солтүстік-батыс өңірлерінде ғана қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жамбыл облысының кей жерінде желдің күші 15-20 м/с болып, тұман түседі. Батыс Қазақстанда тұман, көктайғақ, екпіні 15-20 м/с жел соғып, бұрқасын болады. Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағандыда, түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстанда, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болады. Атырау облысының бірқатар өңірінде көктайғақ болып, тұман түседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін республиканың бірқатар өңірінде жел күшейеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94036/)