![Геннадий Головкин Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға дайындығын бастады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44443.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Монте-Карло, Астана, Лондон және Мехиконы қамтыған ауқымды медиа-турдан кейін WBA/IBO және WBC (Interim) чемпионы Геннадий Головкин Big Bear лагерінде Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға дайындық маусымын бастады, деп хабарлады BoxingScene.com.
Абель Санчестің қолдауымен Головкин 2015 жылдың 21 ақпанында Монте-Карлода өз титулын қорғауы керек.
«Менің соңғы бірнеше апта бойы уақытым болмады. Бірақ маған бүкіл әлем бойынша журналистермен және жанкүйерлеріммен уақыт өткізген өте ұнады. Мен өзімнің бапкеріммен дайындықты бастап, Монте-Карлода кезекті керемет кездесуді өткізуді жоспарлап отырмын», - деді Головкин Лас-Вегастағы WBC конвенциясында.
Естеріңізге сала кетейік, WBA (Super) и WBC (Interim) нұсқалары бойынша орташа салмақтағы Әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық Геннадий Головкин мен британдық Мюррейдің кездесуі 21 ақпан күні Ларвотто (Монако) ауданындағы Salle des etoiles аренасында өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Геннадий Головкин Мартин Мюрреймен жұдырықтасуға дайындығын бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94127/)