![«Астана EXPO-2017» ұйымдастырған сырғанаққа 2 мыңнан астам адам қатысты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44468.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Тәуелсіздік күніне орай «Астана EXPO-2017» Ұлттық компаниясы астаналықтар мен елорда қонақтарына арнап, жаппай мұзда сырғанау іс-шарасын ұйымдастырды.
Спорттық мереке қызықты оқиғаларға толы өтті және қатысушыларға жарқын көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Шараға қатысушылар «EXPO-2017» жазуының алдында суретке түсіп, «Көңілді хоккейшілер», «Пима киіп, арқан тарту», «Қаппен жүгіру» және тағы да басқа сайыстар мен эстафеталарға қатысты. Жарыстардың жеңімпаздары мен ең белсенді жанкүйерлер естелік сыйлықтармен марапатталды.
Шараға 2 мыңнан астам адам қатысты. Шара соңында мерекелік дастарқан жайылып, қатысушылар «EXPO-2017» жазуы бар үлкен торттан дәм тартты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Астана EXPO-2017» ұйымдастырған сырғанаққа 2 мыңнан астам адам қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94152/)