![Ғалымдар Алаш автономиясының тарихына қатысты тың деректер ұсынбақ](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44491.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2014 жылдың 19 желтоқсанында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Түркістан мұхтариятынан Алаш Автономиясына дейін: қазақ мемлекеттілігінің негіздері және тарихи сабақтастық» атты конференция өтеді.
Конференция Алаш және Түркістан автономияларының 97 жылдығына арналмақ, деп хабарлайды e-history.kz.
Конференцияға «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы мен Орталық Азия елдерінің тарихын зерттеуші отандық және шетелдік ғалымдар, ҚР Парламенті депутаттары, қоғам қайраткерлері, ЖОО студенттері қатысады.
Сондай-ақ, шара аясында Алаш қайраткерлерінің мұрағат мұралары, іргелі еңбектерінен кітап көрмесі ұйымдастырылмақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ғалымдар Алаш автономиясының тарихына қатысты тың деректер ұсынбақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94175/)