![Алматыда грек-рим күресінен Шәміл Серіковті еске алу турнирі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44521.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл 7-ші рет өтетін Шәміл Серіковті еске алу турнирінде Қазақстан мен Қырғыз Республикасынан 200-ден астам спортшы бақ сынайды. 2014 жылдан бастап бұл турнирде жеңімпаз атанған спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындайды.
Жарысты ұйымдастырудың басы-қасында жүрген грек-рим күресінен Қазақстанның 7 дүркін чемпионы, Дүниежүзілік жекпе-жек өнері федерациясының вице-приезиденті – Жақсыбай Бәзілбаевтің айтуынша, 2015 жылдан бастап «Шәміл Серіковты еске алу турнирін» еуразиялық ашық турнирге айналдырмақ. Турнирдің ашылу салтанаты 20 желтоқсанда өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда грек-рим күресінен Шәміл Серіковті еске алу турнирі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94205/)