![Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44527.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
23 желтоқсанда Мәскеуде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Ресей және Тәжікстан президенттерінің қатысуымен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы өтеді.
Сонымен қатар, 2015 жылғы 1 қаңтарда іске қосылатын ЕАЭО-ның қарсаңында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғыз Республикасы президенттерінің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысы болады.
25 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстанды жаңаша индустрияландыру: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың қорытындылары» атты жалпыұлттық телекөпір шарасына және «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94211/)