![Деректі фотосурет конкурсына өтініштер қабылдау бастады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44559.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әлемнің кәсіби және әуесқой фотографтары адам құқықтарына арналған конкурсқа қатыса алады. Дәстүрлі «FotoEvidence Book Award» жүлдесі адам құқығының бұзылмауы жолындағы күресті, ерлікті, әділетсіздікпен күресті насихаттайтын фотограф-документалиске беріледі.
Жеңімпаздың жобасы FotoEvidence кітаптар сериясына жарияланатын болады. Бұл – ерлік, әлеуметтік әділетсіздікке арналған фотосуреттер жарияланатын кітап. Сондай-ақ, фотограф сатылған кітаптардан қаламақы да алады.
Қатысушылар бір жоба аясына кіретін 15 фотосурет және 50 АҚШ доллары көлемінде төлемақы жіберуі қажет.
Өтініштер 2015 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылданады.
Фото: widefon.com
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Деректі фотосурет конкурсына өтініштер қабылдау бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94243/)