![2015 жылы елордада төрт денсаулық сақтау нысаны ашылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44585.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Үстіміздегі жылы денсаулық сақтау нысандарын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында елордада психохрониктерге арналған емдеу-өндірістік шеберханасының құрылысы аяқталды. Бұл туралы Астана қаласы Құрылыс басқармасынан хабарланды.
Сонымен қатар, 2015 жылы Қабанбай батыр даңғылы мен №30 көшелердің қиылысындағы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, Железнодорожный тұрғын алабының солтүстік-шығысында орналасқан туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы, сол жағалауда орналасқан амбулаториялық-емхана кешені, бір ауысымда 150 келушіге арналған 250 кереует-орынға арналған медициналық-санитарлық оңалту орталығының құрылысы аяқталады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2015 жылы елордада төрт денсаулық сақтау нысаны ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94269/)