![ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бірыңғай дәрі-дәрмек нарығын құрады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44664.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бірыңғай дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдер нарығын құрады. Бұл туралы Ресей денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Олег Салагай мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
«Жоғары Еуразиялық экономикалық одақ отырысында дәрі-дәрмекті дұрыс қолданудың бірыңғай ережелері мен қағидаттары туралы келісімге қол қойылды», - дейді хатшы.
Оның айтуынша, келісімнің мақсаты – дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдердің ортақ нарығын қалыптастыру үшін құқықтық негіз құру.
Айта кетейік, келісім 2016 жылдан бастап күшіне енеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер бірыңғай дәрі-дәрмек нарығын құрады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94348/)