![Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44667.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Туған күніңізге орай менің құттықтау сөздерімді қабыл алыңыз. Әзірбайжан Республикасын дамыту ісіндегі Сіздің талпыныстарыңызды, іскерлігіңізді жоғары бағалаймын», - делінген Әзірбайжан Президентінің сайтына орналастырылған құттықтау мәтінінде.
«Екі мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар аясының кеңеюі соған дәлел»,- деп атап өтті Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті Ильхам Әлиевке мықты денсаулық, жаңа жетістіктерге қол жеткізуін, ал Әзірбайжан халқына бейбітшілік пен өркендеуді тіледі.
Айта кетейік, 24 желтоқсанда И.Әлиев 53 жасқа толды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94351/)