![Винченцо Нибали – 2014 жылдың үздік велошабандозы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44684.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Нибалидің таулы кезеңдегі шабуылдары, Альберто Контадор мен Крис Фруммен күресі (жарыстан шығып қалғанына қарамастан) Cyclingnews оқырмандарына әсер еткен. «Астана» көшбасшысының Тур де Франстың 5-ші кезеңінде көрсеткен еңбегі мен жігері Нибалиге жанкүйер болатын адам санын көбейтті.
Сауалнамада Винченцо Нибали «Вуэльта» жеңімпазы Альберто Контадорды 2 пайыз айырмашылығымен жеңген. Ал, Әлем чемпионы Михал Kвятковскиден (Etixx-QuickStep) 10 пайызға артық дауыс жинаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Винченцо Нибали – 2014 жылдың үздік велошабандозы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94368/)