![Қазақстанда доллардағы депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі төмендетіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/4/article_44700.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің экономикалық саясаттың 2015 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі.
Ұлттық валютаның экономикадағы рөлін арттыру мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады:
1) теңгедегі жинақтарды ынталандыру мақсатында салымшыларға кепілдік берілетін, «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ теңгедегі депозиттер бойынша төлейтін сомасы капиталдандыруды ұлғайта отырып, 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін ұлғайтылады;
2) халықтың доллардағы кепілдік берілетін депозиттері бойынша ұсыным берілетін сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшері жылдық 4 %-дан 3%-ға дейін төмендетіледі;
3) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын шартты бірліктермен белгілеуге тыйым салынады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда доллардағы депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі төмендетіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/94384/)